Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы Ұлттық қордың 8 млрд теңге сомасындағы қосымша қаражаты есебінен кеңейеді, деп мәлімдеді Қазақстанның  Даму банкінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан даму банкі» АҚ жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының шеңберінде Ұлттық қор қаражатының 8 млрд теңге сомасындағы үшінші траншын екінші деңгейдегі бес банкке (ЕДБ): Halyk Bank, Евразиялық банкке, «Ресей жинақ банкінің» Қазақстандағы еншілес банкіне және «ЦентрКредит»  банкіне 1 млрд 875 млн теңгеден, ВТБ еншілес банкіне (Қазақстан) – 500 млн тенге жіберді.

ҚР азаматтары-жеке тұлғаларына Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөлікті сатып алуға кредит берудің ағымдағы шарттары мынадай: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі – жылдық 4 пайыздан аспайды, кредит беру мерзімі 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны 15 млн теңгеден аспайды. Бастапқы жарнаның мөлшерін коммерциялық банктер дербес белгілейді.

Қарыз алушыларға бағдарлама шеңберінде автокөліктердің «Kia», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтерінің 60 моделі ұсынылады. Оларды құрастыру «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Қазақстанда 2015 жылғы сәуірде бастау алған, операторы ҚДБ болып есептелетін Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 20 жылға есептелген. Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінетін Ұлттық қордың қаражаты бағдарламаны қаржыландыру көзі болып саналады. Бұған дейін бағдарламаны іске асыруға Ұлттық қордың жалпы сомасы 26 млрд теңге екі траншы жіберілген болатын. Оларды бағдарламаға қатысушы ЕДБ толығымен игерді.

Жеңілдікпен автокредит беру қаражатының есебінен 10 мыңға жуық қазақстандықтар отандық өндірістің жаңа автокөліктерін сатып алды. Берілген қарыздардың жалпы сомасы қайталап игерілген қаражатты есептегенде, бүгінгі таңда 39 млрд теңгеден асады. Қарыз алушыларға кредит беру револьверлік сипатты иеленеді. Яғни, жұмыс істеп тұрған кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңадан автокредит беруге жұмсалады.

Қания Табыс

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы кеңейеді впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.