Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – Қытайдың интернет-алыбы Alibaba Group Holding Ltd. «Wanda» кинотеатр операторының 7,66 пайыз үлесін 4,68 млрд юаньға (744 млн доллар) сатып алу туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.

Қытай Халық Республикасының үкіметімен бақыланатын Beijing Cultural Investment Holdings қоры да 3,12 млрд юаньға компанияның 5,11 пайыз үлесіне ие болады.

Бұл келісім Alibaba-ны Wanda Film компаниясының көлемі жағынан екінші ірі акционері етеді. 2020 жылға қарай қытайлық кинонарық жыл сайынғы кассалық жиналым бойынша әлемде ең үлкені болады деп күтіледі.

Запись Alibaba Wanda Film кинотеатры операторының үлесін сатып алады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.