Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – Бүгінде стандарттау мәселелері бойынша бизнесте көптеген құжаттарды қағаз түрінде ұсыну проблемасы кездеседі, стандарттау үдерістеріне қатысудан бас тартады. Осыған байланысты «Стандарттау туралы» заң жобасы әзірленді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

Оның аясында автоматтандырылған жүйелер — Стандарттау жөніндегі ұлттық орган арқылы жұмыс істейтін, стандарттау процестерінің бірыңғай операторы анықталады. Жаңа тәсілдегі басты рөл стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге — «мемлекет – бизнес – тұтынушы» қағидаты бойынша ұлттық стандарттарды талқылайтын диалогтық алаңдарға беріледі.

«Заңның қабылдануымен стандарттарды бастамалық әзірлеу бойынша жағдайлар жасау, сондай-ақ Қазақстан аумағында шетелдік стандарттарды қолдануды жеңілдету тұрғысынан бизнес ахуал жақсартылады», — деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Инвестициялар және даму министрлігі метрология саласында да жұмыстар жүргізіп жатыр. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңға өзгерістер енгізу аккредиттеу жүйесін жетілдіруге және аталған сала субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Заңға енгізілген түзетулер эталондарды тексеру мен өзгерістер құралдарын калибрлеуге көшіруді және жаңа тәсілді мемлекеттік метрологиялық бақылауға енгізуді көздейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись «Стандарттау туралы» заң жобасы әзірленді впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.