Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – Ұлттық банк «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ҚР Ұлттық банкінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Ұлттық банк басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №246 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлайды.

 

Қаулы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы 418-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15-тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулыда Ұлттық банктің «Ашық деректер» порталында жарияланатын ақпаратын оңтайландыру мен өзектендіру көзделеді. Атап айтқанда, Ұлттық банктің қызметіне қатысты көрсеткіштер қосылып, рұқсат беру құжаттарының тізбесі кеңейтілді.

Сондай-ақ, қаржы секторы бойынша көрсеткіштер және сақтандыру туралы мәліметтер қосылды.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қаңтарда №16249 болып тіркелді және 2018 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Ұлттық банкке қатысты қаулы шықты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.