Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Оңтүстік Австралия үкіметі американдық Tesla компаниясымен виртуалды электростанция салуға келісімшартқа отырды. Бұл туралы korrespоndent.net сайты мәлімдеді.

Виртуалды электростанцияны қолданысқа енгізу, электр энергиясының құнын 30 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Оңтүстік Австралия билігінің мәлімдеуінше,  электростанциясын  құру, олардың электр энергиясына деген қажеттіліктерін дербес қанағаттандыруға мүмкіншілік жасайды.

Жүйенің енгізілуі бірнеше кезеңдерден тұратындығы көрсетілген. Бастапқы кезеңде  1,1 мың үй шаруашылықтарына, қуаттылығы бес киловатт  күн электр станцияларымен және қабырғаға орнатылатын сыйымдылығы 13,5 кВт/сағ аккумулятормен  жабдықтау жоспарланып отыр.  Қазіргі уақытта күн батареялары 24 мың үйге орнатылады. Болашақта барлық үй шаруашылықтарына жүйеге қосылу ұсынылатын болады. Төрт жыл ішінде жүйеге кемінде 50 мың үй кіреді.

Қания Табыс

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Тесла Австралияда виртуалды электр станциясын жасайды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.