Басқарма: Ақтөбе облысында 17 оқушы бір компьютер пайдаланады

56


«Ақтөбе облысындағы мектептерде компьютерлердің 40 пайызы ескірген, 17 оқушыға бір компьютерден келеді» деп хабарлады 5 ақпан күні Ақтөбеде өткен облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа жиынында басқарма басшысы Ләззат Оразбаева. Оның айтуынша, облыста интернет желісіне мүлдем қосылмаған мектептер де бар.

— 2017 жылы электронды оқыту сапасын жақсартып, интернет жылдамдығын арттыру үшін облыс бюджетінен 172 миллион теңге бөлінді. Соның өзінде облыс аумағында әлгі күнге дейін интернет желісіне қосылмаған мектептер бар. Ол мектептер Ойыл, Қобда, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар мен Хромтау аудандарында, — деді Ләззат Оразбаева.

Білім басқармасының басшысы облыс мектептерінде кадр тапшылығы проблемасы барын да айтты. Ләззат Оразбаеваның сөзінше, облыс мектептеріне 209 мұғалім керек. Ақтөбе облысында әсіресе, математика, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып мұғалімдері тапшы.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.