Форумдардағы әңгімелерге қарасам, маған жауап жіберген несиенің, яғни сондай істердің жоба-тәсілі жолға қойылған сияқты. Қазіргі несие алуды оңайлатудың екінші жағы да бар. Ол былай екен: интернет арқылы несие рәсімделеді, онда бөгде құжаттардың деректері және бос телефон нөмірі көрсетіледі. Микроқаржылық ұйым несиені құптайды, ақша есепшотқа аударылады.

Менің деректерімді интернеттен табу оңай, мен жеке кәсіпкермін, деректерім көптеген базаларда бар. Негізі, ақша картаға келуі тиіс болатын, бірақ мен ағымдағы шоттан үзінді көшірме сұраттым, маған анық келген жоқ ақша. Алаяқтар МҚҰ-мен байланысты ма, жоқ па, білмедім, бірақ қалай болғанда да, ұйым өзін дұрыс ұстамады, олардың себептерін анықтамастан «менің қарызымды» бірден коллекторларға сатып жібергенін айтам да.

Егер сіздің атыңызға біреулер несие алса не істеу керек? Алаяқтар төлқұжат деректерін ұрлап алғасын, бөгде есімдерге аз-маз, 5-10 мың теңгенің қарыздарын алады. Мұндай сомалар әдетте кредит берушінің қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлерінің назарын аудартпайды. Сондықтан несие тарихы таза азаматтарда ірі емес қарыздар жазылып тұруы мүмкін.

Өкінішке орай, деректердің таралуын тоқтату мүмкін емес, құжаттардың нөмірлері түрлі ұйымдарда сақталады, олар ұрлануы мүмкін. Алаяқтар тіпті құжат скандарының базасын да сатады. Ал деректерін біле отырып, қарыз алушының өтірік қолын қою қиын емес. Қол қойғанның ақиқаттылығы тексерілмейді. Алаяқтықты несие сұраушы адамның фотосуретке түсірілуі қиындатады, бірақ олай үнемі жасала бермейді. Мысалы, құжат скандары негізінде берілетін интернет-заемдарда сурет түсірілмейді, қаржы – алаяқ қолданатын басқа бір есепшот картасына түсіп жатады.

Сол себепті егер сіз тұрақты жұмысы бар және несие тарихы таза адал сенімді қарыз алушы болсаңыз және сізге несие беруден себепсіз бас тартып жатса, қарыздарыңызды бір тексеріп алған артықтық етпейді. Оны өзінің аздаған комиссиясына несие беруден бас тартқан дәл сол банкте жасауға болады. Сондай-ақ несие тарихын тексеретін арнайы 1cb.kz сияқты ресурстар бар.

Егер сіздің мойныңызда бөтен біреудің қарызы жазылып тұрса, кредиторға сотқа дейінгі шағым-талапты жолдау керек. Алаяқтар банк арқылы әрекет еткен болса, келісімге келудің ықтималдығы жоғары: банк несиені жояды, сосын несие тарихындағы теріс ақпаратты да өшіреді. МҚҰ-ның жағдайында мұндай игіліктің ықтималдығы төмен, олар несиені нақты қарыз алушының өзі алғанын айтып, қоймай дәлелдей беруі мүмкін.

Егер несие беруші өз қателігі жөнінде дауласса, екі жол ғана бар: соттасу және осы күйінде қалдыру. Сот процесі жарты жылға созылады, ал адвокаттың шығындары 100 мыңнан басталады. Сот келісімшартты жарамсыз деп тапқанда, несие тарихынан теріс жазба алынады және жәбірленушінің моральдық шығын үшін өтемақыға да құқығы бар.

Егер бәрін сол күйінде қалдырса, бірнеше жылдан кейін талаптардың ескіру мерзімі өтіп, қарыз «күйіп кетуі» мүмкін. Бірақ несие тарихы бүлінеді. Сондай-ақ, сіздің мойныңызда бөтен несие тұрса, төлқұжат ауыстыруыңызға кеңес беремін. Болашақта құжат деректерін жылтыңдатып шығара бермеген жөн. Мысалы, тұлғалық растау үшін күзетке көлік жүргізу куәлігін көрсетсе де болады

Запись Алаяқтар менің атыма қалай несие алған? Жалғасы впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.