Өзбек саяси эмигранттары британ мүсіншісі Пол Дэйге ашық хат жолдап, оны Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов ескерткішін жасаудан бас тартуға шақырды.

Саяси эмигранттардың мүсіншіге жазған «Пол Дэй бұрынғы өзбек диктаторының мүсінін тұрғызатын болса, Каримов құрбандарының қаны мүсінші абыройына мәңгіге дақ түсіреді» деп аталатын хаты​OpenDemocracy сайты мен «Орталық Азиядағы адам құқықтары» Қауымдастығы сайтында жариялады.

Ашық хат авторлары Ислам Каримовты 2005 жылы Әндіжандағы бейбіт шеруге шыққандарды қырып, саяси бақтасталастарын қудалады, құл еңбегін пайдаланды және балаларға мақта тергізді деп айыптайды. Олар Пол Дэйдің мүсін үшін алатын ақшасын «лас» деп атады.

Былтыр мамырда Ислам Каримовтың кенже қызы Лола Каримова-Тилляева Мәскеу орталығындағы саябаққа орнатылатын ескерткішті британ мүсіншісі Пол Дэй дайындайды деп хабарлаған. Бұл саябаққа Каримов есімі 2016 жылы қарашада берілген. Ол кезде саябақ орналасқан аудан депутаттары Өзбекстанның алғашқы президентіне ескерткіш орнатылуына қарсы шыққан.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.