Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – ҚР Бас прокуроры Қ. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша әрбір прокурор жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Ар-намыс кодексі мен қызметтік тәртіптің, соның ішінде жұмыстан тыс уақытта да сақталуына қатаң жауапкершілік жүктелетіні туралы ескертілді, деп хабарлайды ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Облыс прокурорларына қоғамдық мүддені қорғау саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде жеке жауапкершілік жүктелді. Осыған орай еңбек, тұрғын үй, коммуналдық және жер қатынастарындағы әлеуметтік мәселелерге уақтылы ықпал ету тапсырылды.

 

Сонымен қатар, бюджет пен Ұлттық қор, соның ішінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдалануын қадағалау мәселелеріне басымдылық берілді.

Өңірлердің экологиялық мәселелерін шешу және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырылды.

Қылмыстық процесте құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап, сот үкімі шыққанға дейін азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қадағалаудағы процессуалдық прокурорлардың рөлін арттыру талап етіледі.

Бас прокуратура өкілдері әріптестеріне азаматтарды қылмыстық процеске заңсыз тартуға, әуре-сарсаңға салу және тергеудің төмен сапасы үшін жауапкершілік артылатыны туралы ескертті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Қожамжаров прокурорларға жұмыстан тыс уақытта жемқорлыққа қарсы заңды қатаң сақтауды жүктеді впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.