Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – Шағын канадалық VersaBank Inc. банкі маусым айына дейін криптовалюталарды сақтауға арналған қоймасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бүкіл әлем бойынша адамдар криптовалюталарын қоймада сақтап, қолдана алады. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.

«Біз банк жасау тиіс жұмыстармен айналысамыз. Яғни, клиенттердің мүліктерін сақтаймыз. Ал, жер асты қоймалары ескергенін енді ғана жариялап тұрмыз. Көптеген адамдардың активтері цифрлы түрде сақтаулы тұр. Мейлі ол документ болсын, мейлі келісімдер мен криптовалюта болса да», – деді банктің бас директоры Дэвид Тейлор.

Жүйені құрастыру жөніндегі команданы Гурприт Сахота басқарады. Ол бұның алдында қауіпсіз цифрлі жүйенің көшбасшысы танылған BlackBerry-де қызмет еткен. Қазіргі депозит ұяшықтары секілді, цифрлы қоймада да не сақтаулы тұрғаны көрінбейді. Оны VersaVault деп атайды. Тіпті, банктің де активтерге қол жеткізуіне мүмкіндік болмайды.

Бұндай жүйелер криптовалюта нарығындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында жасалып отыр. Әсіресе, соңғы кездегі жапондық Coincheck нарығынан 500 млн-нан астам криптовалюта ұрланғаннан кейін, активтерді осындай сенімді сақтау орындарында орналастыру көзделіп отыр.

VersaBank қашықтықты үлгіде жұмыс істейді. Нақтырақ айтар болсақ, оның белгілі-бір дәстүрлі орны жоқ. Барлық қызмет тек қана онлайн түрде немесе серіктес тарапынан жасалады. Банктің капитализациясы 158 млн канадалық долларды (126 млн доллар) құрайды. Оның қол астында 1,73 млрд канадалық долларға тең активтері бар. Ал, банкте жалпы саны 80-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.