Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің дипломаты Қытайда «мұсылмандарды қайта тәрбиелейтін лагерлер бар» деген ақпаратты терістеді деп хабарлады Tengrinews ақпарат агенттігі. Бұл ақпаратты Қытайдың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй агенттік сауалына берген жауабында жоққа шығарған.

Бұған дейін «Азат Азия радиосы» Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қашғар қаласының қауіпсіздік қызметінің аты-жөнін атамаған шенеунігіне сілтеп, «ондаған мың этникалық ұйғырдың саяси қайта тәрбиелеу лагерлеріне жіберілгенін» хабарлаған. CNN да осындай ақпаратты Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің басшылығына сілтеп таратқан.

Қытайлық дипломат кез-келген ел үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды нәрсе екенін айтып, «Батыстық БАҚ-қа сенбеу керек» деген.

«Оларға сенбеңіздер. Қытайда мұндай түсінік жоқ. CNN, сірә, бізден гөрі жақсы білер, сондықтан солардан сұраңыз. Бірақ кез-келген мемлекет үшін қауіпсіздік – бірінші кезектегі міндет. Қазақстанда да елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау үшін мұндай саясат жүргізіледі. Қытайда, Америкада, басқа елдерде де осылай. Ешқандай ел мұндай сұраққа назар аудармайды» деген Қытай консулы.

Қытайда этникалық азшылық ұлт өкілдерін, әсіресе мұсылмандардың «тергеліп, қамауға алынып, саяси дәріске жіберілетіні туралы» бұған дейін де айтылған. Қытайдағы этникалық қазақтар былтыр қарашада Азаттыққа Қазақстанға барып келген кейбір қазақтарды «Қазақстанға іш тартасың» деп тергеп, саяси сабаққа жіберетінін айтқан.

Оқи отырыңыз: Қысым көрген этникалық қазақтар елші уәдесіне елеңдейді

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.