Спорттағы арбитраж сотының Пхенчханда (Оңтүстік Корея) орналасқан филиалы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) қысқы олимпиадаға шақырудан бас тарқан ресейлік 15 спортшының шағымын қабылдады. Сот сайтында 13 спортшы мен екі жаттықтырушының шағымы 7 ақпан күні қаралатыны хабарланды.

Бұл сотта арбитраж бірер күн бұрын өздерін олимпиадаға жібермеу шешіміне шағымданған тағы 32 ресейлік спортшыға қатысты шешімін де шығаруы тиіс.

5 желтоқсан күні ХОК Ресей құрамасын 9-25 ақпан күні Оңтүстік Кореяда өтетін олимпиадаға қатысудан шеттеткен. Екі рет жүргізілген тексеру нәтижесінде Кремльдің спортта допинг қолдану жүйесін ұйымдастырғаны дәлелденген. Допинг қолданбағанын дәлелдей алған ресейлік спортшылардың жарысқа олимпиада құрамасы сапында бейтарап спортшы ретінде қатысуына рұқсат берілген. Бұдан соң 169 ресейлік атлет жарысқа тіркелген.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.