Қазақстан спорт делегациясы Пхенчханда өтетін қысқы олимпиадаға барды деп хабарлады 7 ақпанда Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті. Пхенчхандағы олимпиада қалашығында Қазақстан туы тігілді. Оған Қазақстан құрамасының мүшелері мен шенеуніктер қатысты.

Комитет ақпаратына қарағанда, Пхенчхандағы ойындарға Қазақстаннан 46 атлет спорттың тоғыз түрі бойынша қатысады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 9 ақпанда Пхенчхандағы Олимпиада стадионында өтеді. Салтанатты шарада Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

25 ақпанға дейін өтетін олимпиадада спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль комплектісі сарапқа салынады.

Олимпиада күнтізбесі

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.