2018 жылдың қыркүйек айының 14-ші жұлдызында Алматы қаласы, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Аңыз домбыра» атты домбыра аспабын жасаушы шеберлердің 2-ші Республикалық байқау-бәйгесі өтеді. Байқау-бәйгенің мақсаты – домбыраның қоңыр, көне дыбысын қайтару және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптар жасау шеберлігін жандандыру, насихаттау.

Байқау-бәйгеге қатысушылардың санына және жасына шек қойылмайды. Байқау-бәйгеге 7 жүлделі орын белгіленген: Бас жүлде, 1 – бірінші орын, 2 – екінші орын, 3 – үшінші орын. Байқау-бәйгеге сарапшылық жасайтын қазылар алқасы елімізге белгілі өнер майталмандарынан құралады. Байқау-бәйгеде жүлделі орын алған шеберлердің аспаптары музей қорына қалады. Толық ақпаратты +7 (727) 291-6316, +7 707 600 62 60 нөмірлері арқылы және http://yqlasmusmuseum.kz музей сайты мен Халық музыкалық аспаптар музейі Facebook парақшамыздан көре аласыздар.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.