Қадірлі оқырман!

«Жас Алаш» газетінің электронды нұсқасын енді арнайы жазылып оқи аласыздар. Электронды нұсқаның артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.
Сондай-ақ, бүгіннен бастап zhasalash.kz сайтында ағымдағы жаңалықтар мен күнделікті оқиғалар, аймақтардың тыныс-тіршілігі, қоғамдық-саяси өмірдегі сан алуан ақпараттар жедел жарияланып тұрады. Ал газет саяси, әлеуметтік сараптамаларға, экономикалық талдауларға, әдеби сын мен пікірталасқа, тарихи толғамдарға яғни, ауқымы кең, тынысы терең тақырыптарға басымдық беретінінін айтамыз. Яғни, газет пен сайт материалдары бірін-бірі қайталамайды.
Осы себепті газеттің әр нөміріне қысқаша шолу жасауды жөн санап отырмыз.
Газетіміздің бұл санын шығару редакция ұжымына ауыр тиді. Біраз уақыттан бері тұрақты авторымызға айналған, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевтың мезгілсіз қазасы қабырғамызды қайыстырды. Жазушының тұрақты жарық көріп келе жатқан «Көрген-баққан» күнделігінің соңғы бөлігін оқуды ол кісінің маңдайына жазбапты. Биік таулар алыстаған сайын зораяды. Күнделік бетіндегі жазушының әр сөзі алтынға айналып, әр сөйлемінің мазмұны тереңдей түскендей. Қолының табы, тамырының бүлкілі қалған күнделігінен бүкіл өмірі, боямасыз болмысы менмұндалап тұрғандай.
Тірілердің тірлігіне келсек, бүгінгі санда жер дауынан шыққан заң жобасына қатысты қоғамдық талқының соңы тайталасқа қалай ұласқанын баяндап, тараптардың пікірін ортаға салдық. Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда жер дауынан да асып түсетін жаңа бір қауіптің құлағы қылтияғанын қапысыз айтып, қоғамды сақтандырып отыр. Әңгіме төркіні — жуықта құрылып және әркімге жалданып қызмет етуі мүмкін жекеменшік әскери компаниялар жайында.
Астанадағы өкіліміз Оралхан Дәуіт вице-премьер һәм ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевке Асқар Мырзахметовтің атқарып кеткен жұмыстары ұнамай жүргенін, ал Жамбыл облысының жаңа әкімі бұрынғы әкімнің жұмысын жақтырмай тұрғанын салыстыра баяндайды.
Белгілі журналист Серік Әбікенұлы қазақтың қызыл қаны төгілген Жаркент абақтысының жазылмаған қанды тарихына қалам тербейді.
Банкир Тәттішевтің өліміне қатысты қозғалған Тараздағы Тоқмәдидің соты, «шен алып, шекпен киген шығармашылықтың» кебі жайындағы толғаныс, үнемі өзгергісі келіп тұратын әнші Жұбаныш Жексеннің сұхбаты, Пхенчхан-2018 де жүлдесіз өтіп жатқан жағдайымыз және де басқа сан түрлі әр саланың өзекті дүниелері оқырманға жол тартты.
Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен көрсетілген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз. Немесе кез келген жердегі киви төлем қабылдау терминалы арқылы онлайн нұсқаға жазылған уақытыңыздың ақшасын +77012206452 нөміріне салып, түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.