Аңшылықта жүріп абайсызда қаза тапты деген банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты жаңадан мән-жайлар ашылып, Таразда қазір атышулы қылмыс әлемінің серкесі Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот отырысының өтіп жатқаны белгілі.

 Бүгін осы сотта жәбірленуші Тәтішевтер отбасының мүддесін қорғап жүрген Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Евгений Яворский баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасады.

-Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша сот отырысы басталды. 27 ақпанда Таразға АҚШ-тан үш сарапшы-маман  Майкл Патрик Мерфи,  Скот Майкл Перкинс және Ирис Делли келеді. Бұлардың алғашқы екеуі 20 жылдық тәжірибесі бар криминалистер, ал соңғы азаматша отты қарумен жасалған қылмыстарды реконструкциялау бойынша маман. 27 ақпандағы сот мәжілісінде біз соттан аталған мамандардан куәгер ретінде жауап алу туралы өтініш береміз. Олар сотта өздерінің жүргізген сараптамасының қорытындысын жария етеді. Сондықтан осы сотқа баршаңызды қатысуға шақырамыз, -деді адвокат.

Адвокат АҚШ-тан келген сарапшылардың қорытындысы туралы алдын ала ештеңе айтқан жоқ. «Бәрін сол кезде білетін боласыздар» деді.

-Баспасөз мәслихатын неге Шымкентте өткізіп жатырсыздар?-деген сауалға:

-Бізге осы ыңғайлы болды,-деп жауап берді адвокат.

zhasalash.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.