Астанада түрмеден қашқан қылмыскерді таппай жатыр

777

25-ақпан күні түс қайта Астана қаласындағы тергеу изоляторындағы серуендейтін ауладан қылмыскер қашып кеткен.

Аулада серуендеп жүрген ол бір қабатты ғимараттың төбесіне шығып, алдымен шектеулі қоршаудан, сосын негізгі қоршаудан асып өтіпті. Сотталушының бұл әрекетін күзетшілер байқамай қалса керек.

Қылмыскер Қарағанды облысының тумасы, 36 жастағы Е.Арғымбаев бұрын ұрлық, тонау жасау баптарымен сотты болған екен.

Қазір елордада іздеу шаралары жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде Астанадан шығатын көліктердің барлығы тексеріліп, салондары тінтіліп жатқаны туралы жазбалар пайда болды. Осының салдарынан Астанаға жақын маңдағы Қосшыға баратын жолдың бойында ұзақ-сонар көлік кезегі пайда болған. Дегенменде, сотталушыны ұстауда әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.