Семейдегі жергілікті ТВК-6 телекомпаниясының директоры Омарбек Байуақов Семейде жаңадан салынып жатқан «Қарағайлы» ықшамауданын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атау туралы ұсыныс тастады. Ол өзі иелік ететін ТВК-6 телеарнасында қала тұрғындарына үндеу жариялап, онысы артынша «Ертіс өңірі» газетінде жарық көрді. Назарбаевсыз Қазақстанның болашағын көрмейтін белсенді бақыттан басы айналып өмір сүріп жатқанын жеткізеді.

Семейге Назарбаев не істеді?

— Қазір біз жақсы өмір сүріп жатырмыз. Семей қаласында «Қарағайлы» шағынауданы бой көтеруде. Мұнда Назарбаев зияткерлік мектебі орналасқан. Жаңа балабақша, тұрғынүйлер салынуда. Сонымен қатар теңдесі  жоқ «Абай-арена» спорт кешені салынуда. Бұл шағынаудан жай ғана «Қарағайлы» деп аталады. Тіпті, оның ешқандай мағынас ыда жоқ әрі ескі атау. Қазақстан азаматы әрі өз қаламның патриоты ретінде бұл шағынауданның елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталғанын қалаймын,-дейді О. Байуақов.

Соңғы уақытта  президенттің атын беруге ел аумағында бәйге ұйымдастырылып жатқандай. Семейдің игі-жақсысымын дегендер осы додадан қалғысы жоқ.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.