25 ақпан күні Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Серікжан Есенғосұлы өзінің жеке парақшасында Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевпен түскен суретін жариялады. Сонымен қатар, Б.Рысқалиевты Лондонда жолықтырғанын да айта кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Жақында Рысқалиевті тергеуге шақырған болатын.

«Мен 90-шы жылдардың басында, шағын бизнеспен айналысқан кезде, Батыстың бір жігітімен таныстым. Есімі Бергей болатын.
Содан бері әрқайсымыз өз жолын таңдап жүрдік, тек жақында Лондонда кездесіп қалдық.
Кешеден бері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Бергей Рысқалиевті тергеу мәселесімен Астанаға шақырып жатыр. 
Бергей əкім болып тағайындалуының алдында салық декларациясын жариялап, бай бизнесмен болғанын дәлелдеді. Ол иемденген зауыттар, мұнай кен орындары және дүкен желілерінің құны – 150 миллион АҚШ долларына жуық.
Атырауда əкім болған кезінде мен Лондонда өмір сүрдім.
Бірақ, жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол кісі жұмысын адал және тиімді атқарған.
Өңірді газ және сумен қамтамасыз етіп, жаңа көпірлер салған, каланың жолдары реттеліп, аудандарға дейін жаңа жолдарды салдырған.
Бүгін де атыраулықтар Бергей тұралы жақсы жылы пікірде»,- деп жазады Серікжан Есенғосұлы өз парақшасында. 

Френдостар,Мен 90-шы жылдардың басында, шағын бизнеспен айналысқан кезде, Батыстың бір жігітімен таныстым. Есімі Берг…

Опубликовано Серікжаном Есенғосұлы 25 февраля 2018 г.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.