Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов «елден кетсеңдер кете беріңдер, сендерді ешкім ұстап тұрған жоқ» деген соң жас ғалымдардан сұхбат алуды жөн көрдік. Шынын айтайық, алғашқыда ойын ашық айтатын жан шықпас деп ойладық. Өйткені, ғылымдағы жастардың көбі аға жағалап, профессорлардан көке іздеп, академик ақсақалдардың көңілін аулап кеткені жасырын емес қой. Дегенмен, тіліміз тасқа. АҚШ-тың, Англияның даңқы жер жарған жоғарғы оқу орындары жоғарғы қызметке қанша шақырса да, қылдай қызметім қазаққа ғана сіңсін деген талантты, талапты жастар баршылық екен. Сондай жастың бірі Д.Сұраған бүгінгі қазақ ғылымы, ғылымдағы шенеуніктердің теріс қызметі және жастардың дара жолы мен тірелген қыспағын бүкпесіз баяндайды.

Соңғы кездері әкім-қаралар, шенді-шекпенділер Алаш көсемдерін ұлықтауға келгенде «жергілікті тұрғындармен санасу керек» дегенді шығарып алды. Бұл не сөз? Сонда, тұрғындар қазақ тарихын, қазақ жолын, ұлт көсемдерін мойындамай ма? Қарағанды облысының әкімі Е.Қошановтың аузынан шыққан бір ауыз шикі сөзге мән бере отырып, жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздедік.

Үкімет пен парламент президенттің айтқанын тыңдап тек мемлекеттік тілде іс жүргізе ме? Шенеуніктер мен депутаттар енді орысша сөйлесе, Н.Назарбаевты елдің алдында масқара жасамай ма?

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылары, Есілдің сол жағалауындағы ақ жағалылар Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарынан төніп тұрған саяси-әлеуметтік түрлі қауіпті көрмей отырғандарын саясаттанушы Айдос Сарым тарқатады.

Қанша ақша бөлсе де Жамбылда туризм дамыған емес. Себебі мен салдарын арнайы сараптамадан оқыңыз. Мұнайлы аймақта әрине, мұнай көп. Бірақ, бір литр бензиннен бір литр су әлде қайда қымбат. Мұнай сорған аймақ неге жер астынан су шығара алмай жүр?

Ақын Мейірхан Ақдәулетұлының «Қазақтың өз Блогын, өз Есенинін күтемін» деген сенімін оятқан Хамит Есаманның топтамасы мен Киногмотаграфистер одағына режиссер Ермек Тұрсыновтың қалай төраға болғаны газеттің осы нөмірінде.

Бұдан да басқа сан түрлі әр саланың өзекті дүниелері оқырманға жол тартты.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен көрсетілген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.
Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы онлайн нұсқаға жазылған уақытыңыздың ақшасын +77012206452 нөміріне салып, түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.