Полиция Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскерді ұстады. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте «Іздестіру шаралары барысында түнгі уақытта, Қарағанды облыстық ІІД-нің Нұра ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Ахмет қаласының маңында жеңіл көлікті тоқтатқан. Көлік салонын тексеру барысында іздеуде жүрген ер адам табылған. Ұстау кезінде сотталған ер адам қарсылық көрсетпеді. Бостандықтан айыру орнынан қашқаны үшін ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабының санкциясы бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған» деп жазылған.

Тәртіп сақшылары сотталған ер адамды ұстау бойынша іздестіру шараларын аяқтау үшін бір тәуліктен аса уақыт жұмсапты.

Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысының тумасы 36 жастағы Е.Арғымбаев бұрын ұрлық, тонау жасау баптарымен сотты болған екен. Ол 25-ақпан күні түс қайта Астана қаласындағы тергеу изоляторынан қашып кеткен болатын.

zhasalash.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.