Президент Н.Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жариялаған сөгісті алып тастады.

Естеріңізге салсақ, былтыр күзде еліміздегі жанар-жағармай материалдарының тапшылығына байланысты Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын.

Әдетте қарапайым мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтіндер сөгіс, ескерту алып қалған болса, тоқсан аяқталар кезде жалақыға қосылып берілетін сыйақыдан қағылмас үшін жазасын алып тастауға барын салып жанталасып жатушы еді. Әрине, энергетика министрінің күні жалақы мен сыйақыға қарап тұрған жоқ болар. Дегенменде алғашқы тоқсан бітіп жатыр, наурыз мерекесі жақындап келеді. Ендеше Қанат Бозымбаев тоқсандық сыйақыдан қағылмайтын болды деген сөз.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.