Түркіменстанда халық кебекке таласып жатыр (видео)

1698

Түркіменстанда ұн тапшылығына байланысты халық арасында кебекке сұраныс артты. Ақпанның ортасында Дашоғыз облысында түсірілген видеода кебекке таласқан ондаған тұрғынды көруге болады.

Кебек барлығына жетпей қалуы мүмкін деген қауіппен қап арқалап келген халық автокөліктің үстіне ұмтылады.

Түркіменстанда 2017 жылы азық-түлік бағасы күрт көтерілді. Әсіресе ұн қымбат. Өйткені елде егін аз жиналған. Оның үстіне Түркіменстанда ауыл шаруашылығы тұралап қалды. 2017 жылы мамырда ел президенті осындай мәселе барын ресми түрде мойындап, ауыл шаруашылығына жауапты вице-премьерді жұмыстан шығарған.

Билік бірнеше жыл бойы ұн тапшылығын білдірмей келген. Бірақ соңғы жылдары мұнай бағасы төмендеп кеткен соң, үкімет шетелден азық-түлік сатып алуды азайтқан.

Өткен жылы желтоқсан айында ұн бағасы екі есе қымбаттап кетті. Елде жоғары сортты ұн сатып алу мүмкін болмай қалды. Сол себепті ақпан айының басында Түркіменстан билігі ұнды артығымен алуға тыйым салған.

Ұн тапшылығы әсіресе елдің солтүстік өңірлеріндегі Дашоғыз облысында қатты сезіледі. Мұнда қазір адам басына бес келіден артық ұн сатып алуға болмайды.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.