Қырғызстан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады деп хабарлады Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Министрлер Венгрияда Орталық Азия елдері мен Вышеград тобы елдері сыртқы істер министрлерінің саммиті аясында кездесті. Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі Азаттықтың Қырғыз редакциясына тараптар Жогорку Кенеш депутаты Дамирбек Асылбекуулуның ұсталғанына және оның азаматтығына қатысты жағдайды талқылағанын хабарлады.

Қырғызстан парламентінің төрағасы Дастан Жұмабеков 28 ақпанда парламент отырысында таяу уақытта парламентте Дамирбек Асылбекуулуның мәселесі қаралатынын мәлімдеді. Бұған дейін депутат Кенжебек Бокоев парламентте әріптесінің ұсталғаны туралы тыңдау өткізуді ұсынған.

16 ақпанда Қазақстан бас прокуратурасы елдің оңтүстік облыстарында арнайы органдар «контрабанданың жолын кесу» операциясын жүргізгенін хабарлаған. Операция барысында 35 адам, оның ішінде депутат Дамирбек Алмасбекуулу бар, Қырғызстанның үш азаматы ұсталған. Кейін Қазақстан ішкі істер министрлігі Дамирбек Асылбекуулунда Қазақстан азаматтығы барын растаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?

19 ақпан күні Алматы соты 17 ақпанда Дамирбек Асылбекуулу мен Қырғызстанның өзге екі азаматын екі айға қамағаны хабарланған.

Оқи отырыңыз: Ұсталған депутаттың қос азаматтығы анықталды

Дамирбек Асылбекуулу — Қырғызстан парламентіне «Қырғызстан» фракциясынан сайланған депутат. Ол 2009-2010 жылдары да парламент депутаты болған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.