Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Егер ипотекалық қарыз алушының кешіктірілу мерзімі алты айдан асса, онда банктерге оған пайыз қосуына тыйым салынады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Мəжіліс депутаттары мүліктік құқықтарды нығайту мəселелері бойынша заң жобасын мақұлдады.

«Қарыз алушы болып саналатын жеке тұлғаның қарызын жасанды арттыруға жол бермеу үшін, ипотекалық жылжымайтын мүліктің келісімшарттары бойынша алты ай өткеннен кейін банктік пайыздарды есептен шығаруды тоқтату көзделіп отыр», – деді Бекетаев.

Бұдан басқа, банктерге кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ банктік несие беру туралы келісімшарттар бойынша, комиссия алуына тыйым салу жоспарда бар.

Заңға енгізілген тағы бір өзгеріс: егер банк қарыз алушыға борышын мерзімінен бұрын өтеуді талап етсе, қарыз алушы өз пәтерін нарыққа сай бағамен сатуына мүмкіндік алады.

«Кепілдік мүлкіне сәйкес, банк үйді тез, әрі арзан бағаға сатады. Қарыз алушыға бұл нарықтық баға бойынша тиімсіз», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Екінші түзетуге сәйкес, мемлекеттік мақсаттар үшін жерді мәжбүрлеп алып қою мәселесі қарастырылды. Халыққа өтем ретінде нарықтық баға бойынша өтеледі немесе дәл сол бағада басқа жер телімі берілетін болады.

Үшінші түзетуге сәйкес, қылмыстық іс бойынша мүлікті тәркілеу кезінде меншіктік құқықтар қорғалатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Қазақстандық банктерге ипотека алып қарызданғандарға пайыз қосуға тыйым салынады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.