Украиналық «Нафтогаз» компаниясы Ресейдің мемлекеттік «Газпром» компаниясын транзитпен тасымалданатын газ көлемі жөніндегі дау бойынша Стокгольмдегі халықаралық арбитраж сотында жеңіп шыққанын хабарлады. Арбитраж сотының шешімі бойынша, «Газпром» толық жеткізіп бермеген газдың тұтас өтемақысы 4,63 миллиард долларды құрайды.

Арбитраж соты «Газпромның» «Нафтогаз» заңсыз тартып алған транзиттік газ үшін айыппұл салу» туралы талап арызын орындамады. «Газпром» Стокгольм сотының шешіміне қатысты әзірге комментарий бермеді.

Екі компания арасында газ жеткізу және оны Украина аумағы арқылы транзитпен тасымалдау туралы екі келісімшарт жасалған. 2014 жылы Стокгольм арбитраж сотында бұл екі келісімнің әрқайсысы бойынша тергеу ісі ашылған. «Нафтогаз» «Газпромның» 16 миллиард доллар төлеуін және тарифтерді қайта қарауды талап еткен.

«Нафтогаз» бен «Газпром» арасында транзит арқылы тасымалдау туралы келісім 2009 жылы жасалған және оның мерзімі 2019 жылы аяқталады. 2014 жылы қазан айында «Нафтогаз» газды транзит арқылы тасымалдау туралы «Газпроммен» жасасқан келісімін қайта қарауды және айдалған газ көлемі кем шыққанына байланысты өтемақы төлеуді талап етіп, Стокгольм сотына арызданған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.