«Жас Алаштың» бүгінгі санында: «Мұның бәрі алаяқтардың әлегі»

1284

Газеттің өткен санындағы жас математик Дурвудхан Сұрағанның сұхбатына орай, өз уәжін, сынға жауабын берген академик Мұрат Жұрынов «Мұның бәрі алаяқтардың әлегі» дейді.  Ұлттық академия президентінің неге бұлай дегенін арнайы сұхбаттан оқисыздар.

Ал жазушылар одағының құрылтай алдындағы қаламгерлер арасындағы қарымта ой шарпысулар әлі толастамай тұр. Жазушы Тұрысбек Сәукетайдың «Жазушыны сорлатқан кім?» атты сұраулы мақаласы мүйізі қарағайдай ақын-жазушыларды сын садағына алады.

Жазушылар өзара өз мәселелеріне күйініп жатса, Астана әкімі Әсет Исекешевтің кешегі есебі елдің есін шығарды. Әкімнің халыққа есеп беру жиналысы жиналыс болмады. Үлескерлер айқайға басып,  залды басына көшіріп, жан адамды сөйлетпей қойған соң әкімнің есебі есеп болмай, есі шығып есікті әрең тауып, жиналысты жедел аяқтады. Астана Астана болғалы мұндай есеп беруді көрмеген жұрт та аң-таң, әкім де аң-таң. Шу болған жиналыстың жай-жапсарына, егжей-тегжейіне Оралхан Дәуіт үңіліп көрді.

Шығыста Даниал Ахметов дейтін көнеден келе жатқан әкім бар. Міне, осы кісі ««Шығыс-ақпарат» шытынап тұр» деген тақырыппен жарық көрген материалдан кейін Шығыстағы зиялыларды жинап, Өскеменнің рухани жаңғыруына қарсы болып жүрген басшылардың мәселесін біржақты шешіп беремін деп уәде етіпті. Дегенмен, мұнда да бір бірақ бар. Сол бірақтың не екенін «Даниал Ахметов «Шығыс-ақпаратқа» шамасы жете ме?» атты мақаладан табасыз.

Бұдан да басқа сан түрлі әр саланың өзекті дүниелері оқырманға жол тартты.

 

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен көрсетілген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.
Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы онлайн нұсқаға жазылған уақытыңыздың ақшасын +77012206452 нөміріне салып, түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.