Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсуге бағытталған халықаралық форум өтті.

Форумда екі ел арасындағы байланыстың жылдан-жылға дамып, оның дамуына парламентаралық жұмыстың тигізген көмегі туралы айтылды. Сондай-ақ, 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының іске асырылу барысы да сөз болды. Еуразиялық интеграция және адами капиталдың дамуы мәселелері қаралды. Жалпы екі ел 2017 жылы ТМД істері жөніндегі комитеттің жиынында еуразиялық интеграциядағы заңнаманың үйлесімін талқылаған болатын. Болашақта бұл бағытта тағы да көптеген жұмыс іске асырылады.

«Сәуір айында Санкт-Петерборда өтетін «Еуразиялық экономика» халықаралық форумында Еуразиялық интеграция тақырыбындағы әлі де бірқатар мәселелерді қарастырамыз. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайта түсу мәселесі сөз болады. Сонымен қатар, цифрлық экономика және миграциялық саясат тақырыбы да қозғалады”, – деді РФ Федералды жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты Умахан Умаханов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы талқыланды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.