Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Динара Кемелованың хабарлауынша, Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі жақын уақытта тағайындалады.

Бұл туралы ол 28 ақпанда Жогорку Кенеште мәлімдеді. Депутаттар екі жыл бойынша Қазақстанда қырғыз елшісі неге жоқ екенін білгісі келген.

Министр орынбасарының сөзіне қарағанда, елші қызметінен үміткерге президенттің келісімін алу жұмысы жүріп жатыр.

Қырғызстанның Қазақстандағы бұған дейінгі елшісі Эсенгул Омуралиев 2016 жылы сәуірде қызметінен босаған. Екі жылға жуық уақыт бойы дипломатиялық өкілдік басшысы жұмыс істеп келген.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.