Азаттықтың Орыс редакциясының (Радио Свобода) штаттан тыс тілшісі Антон Наумлюк Қырымға іссапармен барғанда тұрған пәтердің сыртқы есігінің құлпысына әлдекімдер желім құйып кеткен. Пәтерге барған техник мұның қасақана істелгенін және оның пәтер тонау әрекетіне ұқсамайтынын айтты. Наумлюк әлдекімдердің бұл әрекеті өзінің Қырымдағы журналистік қызметімен байланысты болуы мүмкін дейді.

«Сыртқы есіктің құлпысы таңға жуық бұзылғанын байқадым, демек, оны түнде бүлдірген. Бұл жергілікті Экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы қызметкерлерінің мені қорқыту үшін істеген акциясы болуы әбден мүмкін. Оларға түбектегі Қырым татарлары мен украинашыл белсенділердің қызметін шынайы түрде баяндау ұнамайды. Оның үстіне, соңғы екі күнде Pussy Riot белсенділері Қырымға келіп, сотталған украиналық режиссер Олег Сенцовті қолдаған акция өткізді. Белсенділерді ойдан құралған сылтаулармен бес әлде алты рет тұтқындады, ал мен бұл оқиғалардан хабар таратқанмын» деді Наумлюк.

Бұған қоса, ол Қырымда Ресей билігі мен күш құрылымдарына тәуелсіз БАҚ жоғын, ал тәуелсіз журналистер мен блогерлер қудаланатынын айтты.

Бұған дейін журналист Николай Семена Ресейдің аумақтық тұтастығын бұзуға жария түрде шақырды деген айыппен шартты мерзімге сотталған. Ресейде тыйым салынған Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары Ильми Умеров те Қырым татарларының ATR телеарнасына сұхбат берген соң дәл осындай айыппен бас бостандығынан айырылған. 1 наурызда Феодосия қалалық соты сепаратизм ісі бойынша белсенді Сулейман Қадыровқа Facebook-те Қырымның Украинанікі екені туралы комментарий жазғаны үшін үкім шығарады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.