Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Яндекс қазақстандықтардың 2016-2018 жылдары нені көп іздегенін зерттеді. Нәтижесінде қазақстандықтар көп іздеген тақырыптар криптовалюта, биткоин, блокчейнге байланысты болғаны анықталды.

2016 жылы қазақстандықтар биткоин мен блокчейн туралы ақпараттармен алмасқан. Кейіннен, 2017 жылы бұл тақырыпқа қызыққан интернет қолданушылар оны анағұрлым зерделей түсті. Криптовалютаның шын мәнісінде не екенін білгісі келгендер Яндекске «Блокчейн деген не?» деген сұрақты көптеп қоя бастады. Криптовалютаның айналасына енді ғана еніп жүрген адамдар осындай сұрақтарды қойып ақпарат жинаса, бұл тақырыпқа егжей-тегжейлі бет бұрған қолданушылар биткоин, блокчейн, ICO, майнинг және тағы басқалардың не екенін анықтағысы келген.

Блокчейн жайында ақпарат көбіне 2017 жылдың маусымында, кейін сол жылдың қыркүйегінде көп ізделді. Ал, биткоин туралы сұрақтар оның бағасы 20 мың долларға жақындаған кезде, нақтырақ желтоқсан айында көп қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы қолданушыларды құрылғылардағы жасырын майнинг те алаңдатты. Себебі, қолданушылар яндекстен «Вирус майнингі бар екенін қалай анықтауға болады?» деп сұрап, антимайнерлерді іздей бастаған.

Алғашында тек криптовалюта деп сұралған сөз енді криптовалюта биржасы, криптовалюта майнингі, криптовалюта бағамы, оны қалай сатып алуға болады деген секілді тіркестерімен ізделіне бастады.

Сондай-ақ, қолданушылар Яндекстен майнингке арналған видеокарталармен қалай майнинг жасау керектігі туралы 10 есе жиі сұрастырған екен. Онымен қоса, ICO аббревиатурасын бір жыл бұрынғыға қарағанда 4 есе көп іздепті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Бір жылда қазақстандықтардың криптовалютаға қызығушылығы ондаған есе артты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.