Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының біріккен отырысында сөйлеп, «халықтың әл-ауқатын көтеру үшін» «бес әлеуметтік бастама» ұсынды. 

Біріккен отырыстың ашылуында сөйлеген Назарбаев 1 наурыз – алғыс айту күні атап өтілгенін айтты. Халыққа өзін «бірнеше рет сайлағанына» алғыс білдірген Назарбаев дамуды бұдан ары жалғастыру үшін жаңа әлеуметтік бастама ұсынды.

Назарбаев бірінші бастама ретінде әр отбасының баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажетін айтты. Оның сөзінше, бұл үшін үй алу кезінде азаматтарға берілетін несие пайызын 7 пайызға дейін, алдын ала төлемді пайызға дейін азайтып, ал несиені өтеу мерзімін 25 жылға дейін ұзарту керек.

«Екінші бастама ретінде салық ауыртпалығын 10 пайыздан 1 пайызға азайту, салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын жұмысшылардың әлеуметтік салығын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 пайыздан 1 пайызға азайтуды ұсынамын» деді президент.

Назарбаев бұған қоса үшінші бастама деп жоғары білімге қолжетімділікті арттыру және оның сапасын көтеру қажетін айтты. «2018-2019 жылдары әр жылға қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынамын. Колледждер мен университеттер жекеменшік-мемлекеттік серіктестік негізінде кемінде 25 мың орындық жатақхана салуы керек» деді Қазақстан президенті.

Президенттің төртінші бастамасы шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы болды. Ол жеңілдетілген шағын несие көлемін көбейту 20 миллиард теңгеге көбейту керегін айтты.

Бесінші бастама деп Назарбаев Қазақстанның солтүстік аймақтарын газдандыру керегін айтты.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.