Елдегі білім-ғылым саласындағы Сағадиев саясаты қанша сынға ұшырап, халықтың наразылығына тап болса да, алған бетінен қайтар емес. Бұл қалай? Үштілділік, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытылу мәселесі, ғылымға бөлінетін гранттар дауы және басқа толып жатқан күрмеуі қиын күрделі мәселелердің бәрі қазаққа қарсы жасалып жатқан қасап саясат емес пе? Ел сөзін елең қылмайтын үкіметтің бұл әрекеттері көпті ойландырып отыр. Профессор Айгүл Ісімақова «Жас Алашқа» берген сұхбатында жоғарыдағы проблемалардың атын атап, түсін түстеп тұрып айтады, әрі жұрт көкейінде жүрген көп дүниенің бетін ашады.

Ең маңызды, әрі стратегиялық сала – білім-ғылым аласапыран күйде тұрса, біздің билік әлдебір өзгерістерге дайындалып әлек. Мәселен, билік транзиті кезеңінде кім қайда барады, кімнің билігі күшейіп, кім әлсірейді деген сауалдар тұрлаусыз тұлғалардың түн ұйқысын төрт бөліп тұр. Мәселен, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің өкілеттілігін кеңейтудің жалпыхалықтық талқылауы аяқталыпты. Халық ондай талқылаудың болғанын енді естіп жатса, ол бітіп те қалған. Алайда, Мәсімовтің өкілеттілігін кеңейту кімге керек, не үшін керек деген сауалдардың жауабы ертеңгі саяси ойындарда шешуші роль атқара ма? «Мәсімов модератор бола ма?» атты мақала саясат сахнасының сырларын ашады.

Астанада жалындаған өртке жалаңаш қолмен кіріп, бір отбасын құтқарып қалған қазақтың ержүрек бес жігітінің ерлік хикаясын Оралхан Дәуіт баяндаса, Атырауда «Қаратабаннан» қайтпай қалған азаматтарды аза тұтқан жұрттың қайғысын Бақытжан Әбдірашұлы бөліседі.

Ал қазақ тілі төңірегіндегі президент сөзінен кейінгі қызу талқының тағдырына үңілген «О, сорлы!» атты материал бүгінгі қоғамдық-саяси ахуалды шымши суреттейді. Сондай-ақ, бүгінгі санда домбыра мен дулығаға қарсы шыққан депутаттардың қылығына қайран қалған Нұрболат Әлдибектің де материалы оқырманға ой салар деп ойлаймыз.

Бұдан да басқа сан түрлі әр саланың өзекті дүниелері оқырманға жол тартты.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.
Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы онлайн нұсқаға жазылған уақытыңыздың ақшасын +77012206452 нөміріне салып, түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.