Жаңа ақпаратты 40 секундта еске сақтап алғыңыз келе ме?

397

Жаңа ақпаратты есте сақтаудың әртүрлі жолдары бар. Ал, сіз қандай әдісті қолданасыз? Жаттап аласыз ба? Мнемоникамен жұмыс істейсіз бе? Соңғы зерттеулерге сүйенсек, кез келген жаңа ақпаратты 40 секундта есте сақтап қалу мүмкін екен. Ол үшін тек бірнеше оңай әрекеттерді істесеңіз болғаны.

Ақпаратты қайталау есте сақтау үшін жақсы көмектесетіні бәрімізге мәлім. Бірақ, белсенді қайталаудың пайдасын жетік біле бермейміз.

Сассекс университетінің нейропсихология ғылымдарының докторы Крис Бёрд адам жадының мүмкіншіліктері, оның ішінде есте сақтау қабілеті туралы зерттеулерін жариялаған. Зерттеу барысында еріктілерге екі түрлі эксперимент жүргізілген. Біріншісінде, оларға 26 түрлі  видеоны көрсетіп, топтың жартысына әр видеодан кейін көргендерін 40 секунд ішінде дауыстап, болмаса іштей сипаттап отыруын сұраған. Екі апта өткен соң, топты қайта шақырып, көрген видеоларын айтып берулерін өтініпті. Сонда 40 секундын видеоларды сипаттауға жұмсаған топ көрген сюжеттерді, кейбір детальдарына шейін еске түсіріп айтып берген. Ал топтың екінші жартысының есінде ешнәрсе қалмаған.

Екінші эксперимент кезінде қатысушыларды МРТ-сканерден өткізген. Процесс кезінде олардан екі апта бұрын көрген видеоларды еске түсірулерін сұраған. Нәтижесінде, ақпаратты қайталау артқы белдеме қатпарларының бір бөлігін іске қосатыны белгілі болды. Айта кететіні, Альцгеймер ауыруы асқынғанда дәл осы бөлік зақымданады екен. Сондықтан, 40 секундтық жаттығулар, осындай денсаулыққа төнген қатерлердің алдын алады.

Енді, 40 секундта есте сақтап қалу үшін не істеу керектігіне тоқталайық.

Егер көз алдыңызда сурет, текст не видео тұрса, сізге осы материалдармен жақсылап танысып, жаңа ғана алынған ақпаратты 40 секунд бойы не іштей, не дауыстап сипаттап отыруыңыз керек. Еш қиындығы жоқ.

Бұл әдісті жаңа материалды оқи сала, не жаңа видеоны көре сала істеген абзал. Аталмыш әдіс осы мәліметтерді бір күннен соң да, бірнеше аптадан соң да еске түсіруіңізге көмектеседі. Сондай-ақ, доктор Бёрдтің айтуынша, бұл әдіс кризисті не экстремалды жағдайларда да жақсы жұмыс істейді. Мәселен, көлік соқтығысы болса, онда екінші автомобильдің номерін жаттап ала қоясыз.

Доктор Бёрд также указывает, что данная техника работает в кризисных и экстремальных ситуациях. Например, во время ДТП так можно запомнить номер или марку автомобиля.

Назерке ИНАҚЫНҚЫЗЫ

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.