Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньянда Оңтүстік Корея делегациясымен «ашық, шынайы әңгіме» болғанын айтып, Оңтүстік Кореямен бірігу туралы келіссөзді «ілгерілету ниеті берік» екенін мәлімдеді. Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин жіберген делегациямен 5 наурызда кездесті.

Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким Чен Ын төрт сағатқа созылған кешкі ас кезінде «ұлттық бірігудің жаңа тарихын жазу» ниеті барын білдірді.

Бірақ Сеул мен Вашингтон Ким Чен Ынның бұл сөздерінің шынайылығына күмән келтіреді. АҚШ пен Оңтүстік Корея билігі өкілдері Пхеньян Оңтүстік Кореямен бірігу туралы бастамасын халықаралық қауымдастық салған санкцияны жеңілдету үшін пайдалануы мүмкін деп топшылайды.

Сеул мен Пхеньян арасында ықыласты келіссөз екі ел ақпанда Пхенчханда өткен қысқы олимпиада ойындарына Солтүстік Кореяны қатыстыруға келіскен соң басталған. Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким Чен Ын Мун Чжэ Инмен жоғары деңгейде кездесу жоспарлаудың «нақты қадамдарын» жасағысы келетінін айтқан. Ол сонымен қатар келіссөздің мақсаты «ядролық қарусыздану» болуы тиіс екенін жеткізген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.