Көктемде көп адам, әсіресе қыздар қауімі, артық салмақтан арылу жолдарын іздеп жатады. Ол – жазға дайындықтың белгісі. Көбісі «диетаға отыру керек еді» деп жүреді. Одан қалса, диетаның түр-түрін таныстарынан сұрап, ғаламтордан іздестіреді. «Ертеңнен бастап диета ұстаймын» дегендерге жақсы кеңесіміз бар. Артық салмақтан арылудың режимін біз сізге береміз. Ал сіздер осы режимді қалтқысыз орындасаңыз болғаны, «он күнде минус он килограмм» нәтижесіне қол жеткізесіз!

Сізге керегі орамжапырақ (кез келген түрі) пен шыдамдылық. Бұл қатаң диета болғандықтан, қарныңыз жиі ашуы мүмкін. Мұндай сәттерде қанша көлемде болсын, орамжапырақпен жүрек жалғай аласыз. Сондай-ақ, көк шай, газдалмаған суды ішуге шектеу қойылмайды. Таңертең кофе ішсеңіз болады. Себебі, кофе организмдегі заталмасу процесін жылдамдатады.

Диета кезінде тыйым салынады

  • Қант, тұзды қолдануға;
  • Алкогольді сусындарға;
  • Ұннан жасалған өнімдер мен кондитерлік өнімдерді пайдалануға.

 Диета ұзақтығы – 10 күн.

Барлық ережелерді ұстанған болсаңыз осы мерзімде 6-10 кг артық салмақтан құтыласыз.

* Диетаны қайтадан ұстау тек 2 айдан соң ғана рұқсат етіледі.

                Орамжапырақ диетасының 10 күндік ас мәзірі:

Таңғы ас: көк шай, кофе (қантсыз), газдалмаған таза су.

Түскі ас: орамжапырақ пен сәбіз араласқан жеңіл салат. Салатты майға (зәйтүн майы) шыласа болады. 200 граммнан аспайтын асылған сиыр еті, тауық немесе майлы емес балық.

Кешкі ас: орамжапырақтан жасалған салат, бір бөдене жұмыртқасы (немесе тауық жұмыртқасының жартысы), бір алма немесе кез келген (бананнан басқа) өзге жеміс.

Жатар алдында 2 сағат бұрын 1 стакан майсыз айран (майлылығы 1%) ішіңіз.

* Орамжапырақ салатының орнына көкөністерден жасалған сорпа ішсеңіз болады.

Назерке ИНАҚЫНҚЫЗЫ

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.