Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – Корпорация нақты уақыт режимінде фонды ауыстыруға мүмкіндік беретін алгоритм жасап шығарды.

Әзірлеушілер кез келген фонды шынайы уақытта, тіпті, мобильді құрылғыларда алмастыруға болатын арнайы нейрондық желі алгоритмін құрды. Үлгі ретінде олар суретті сегменттеу үшін әзірленген конвективті нейрондық желі үлгісін қолданды. Негізгі үш түс арнасына (жасыл, көк, қызыл) программистер жаңа, сегменттелген жақтауды қосқан.

Нейрондық желіге нысан мен фон арасындағы айырмашылықты анықтауды үйрету үшін әзірлеушілер адамда түрлі түспен белгіленген нысандардың он мыңдаған адамның суретін жүктеді.

Алынған нәтиже ойдағыдай шықты. Нейрондық желі бейнені үлкен жылдамдықпен өңдей алады: iPhone 7 үшін бұл көрсеткіш секундына 100 кадрдан көп, ал Google Pixel 2 үшін 40 кадрдан асады. Фон мен адамды айыра алу коэффиценті  94,8 пайызды құрайды. Әзірлеушілер жаңа қосымшаның кей пайдаланушыларда қазірдің өзінде бар екенін айтады. Олар фон ауыстыру қызметін мобильді YouTube қосымшасына кіріктірген.

Қазіргі уақытта жасыл фон көбінесе кинофильмдерде қолданылады. Хромакей технологиясының көмегімен жасыл (немесе тіпті көк түспен) фонда актерлерді түсіріп, кейін монтажда басқа сурет қойылады. Жаңа технология, ең алдымен, хромакейді пайдаланудан пайда көрмейтін шағын жобалардың орнын басады. Сонымен қатар, қолданыстағы автоматты кесу әдістері олардың сапасы нашар болғандықтан қолайсыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Google жасыл экранды нейрондық желіге айырбастады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.