2010 жылғы 24 тамызда Астанада Қазақстан Республикасының үкіметі мен Тәжікстан Республикасының үкіметі дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімге қол қойған болатын.

Осыған сәйкес Тәжік тарапы Қазақстан тарапына елшілік ғимараттарын салу үшін Душанбе қаласында И.Сомони даңғылы бойынан жалпы алаңы 1 га жер учаскесін 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге, жылына 1 сомони мөлшеріндегі жалдау ақысымен өтеулі жер пайдалануға береді. Өз кезегінде Қазақстан тарапы Тәжік тарапына елшілік ғимараттарын салу үшін Астана қаласындағы Ш.Қалдаяқов көшесінің оңтүстігін ала орналасқан жалпы алаңы 1 га жер учаскесін 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге, жылына 1 теңге мөлшерінде жалдау ақысымен өтеулі жер пайдалануға береді.

Мәжілістің осы аптадағы отырысында Қазақстан үкіметі мен Тәжікстан елдерінің үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Оралхан ДӘУІТ

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.