1464 келі ет асып, 117 метр жұжық пісірген қырғыздар қазақтардың рекордын басып озды.

Бішкектегі акцияның мақсаты – ет тағамы мен жұжық пісіруден Гиннестің рекордтар кітабына ену, ұлттық дәстүрді насихаттау.

2015 жылы үлкен ет асын әзірлеу рекорды Астанада тіркелген еді. Сол кезде 736,5 келі ет асылып, бұл тағам Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Ұйымдастырушылардың бірі Жамалбек Ырсалиевтің айтуынша, Бішкектегі дайындалған ас та Гиннестің рекордтар кітабына ене алады. Тазалық ережелерінің барлығы сақталған, ас әзірлеу барысы тіркеліп отырған.

Мұндай үлкен асқа 150 литрлік 12 қазан орнатылды. Туралған ет Нарын мәзірі бойынша пісірілді.

Іс-шараны «Ак элечек», «Ак калпак» және «Кыргыз тилектешиги» ұйымдастырды.

Шұжық – жылқы етінен дайындалатын түркі халықтарының ежелгі тағам түрі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.