Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Бұл туралы баспасөз барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев айтты деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

2018 жылдың 5 наурызындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған мәлімдемесінде жарияланған бес әлеуметтік бастаманың ішінде – жаппай кәсіпкерлікті дамытуда шағын несиелендірудің көлемін кеңейту мәселесі айтылды.

Нақты айтқанда, президент 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөліп, жалпы микрокредиттеу көлемін 62 млрд теңгеге жеткізуді тапсырды.

«Микрокредит беру бағдарламасы әсіресе ауылдық жерлерде, кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды, онда өз бизнесін ашқан азаматтар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларының орындалуы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама арқылы 2017 жылы 7 227 шағын несиелер берілді» – деді баспасөз мәлхитаты барасысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев.

Берілген микрокредиттердің жалпы санының ішінде ауылдық жерлерде және шағын қалаларда шағын несиені алғандар қатары 6 791 адам болды. Сонымен қоса, кәсіпкерлердің 57 пайыздан астамы (стартап-жобалар) болды, өз бизнесін ашты.

Запись Ауылдағы бизнесті дамытуға 7 227 шағын несие берілді впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.