Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында өтіп жатқан құрылтайда баяндама жасаған Н.Оразалин одақ төрағасы сайлауына түспейтінін тағы бір мәрте қайталап айтты. Дәл қазір ревизиялық комиссияның төрағасы Ырым Кенебай одақтың қаржылық, есеп-қисабына бір ай бойы жасалған аудиторлық тексерістің нәтижесіне сүйене отырып, баяндама жасап жатыр. Ол баяндама барысында жазушылар одағының бас ғимараты мен шығармашылық үйі жайлы да қаржылық есептерді жария етуде. Баяндамашының сөзіне қарағанда, шығармашылық үйдің қаламгерлер үшін бір күндік құны – 5500 теңге екен. Бұл бағаның ішіне үш уақ тамақ та кіреді. Ырым Кенебайдың айтуынша, қазіргі уақытта одақтың есеп-шотында 340 мың теңге бар көрінеді. Баяндама орайында одақ төрағасы мен орынбасарларының да айлық жалақысы айтылды. Мәселен, төраға Н.Оразалин 200 мың теңге айлық алады екен.

Ревизия комиссиясы төрағасы Ырым Кенебайдың баяндамасы тым созылып, Н.Оразалин қысқа қайыруды сұрады.

Дәл қазір жазушы Нұрдәулет Ақыш проза жанры бойынша баяндама жасап жатыр.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.