Құрылтайда кезекті сөз алған Смағұл Елубай қаламгерлерді дауға емес, ынтымаққа келуге шақырып, Оразалинге шапан жапты. Іле одақ төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай Нұрлан Оразалинді Қазақстан Жазушылар одағының Құрметті төрағасы деп тағайындауды дауысқа салуға шақырды. Осы жерде даушықты. Зал іші қарсылық дауыстарға толды. Сөйтіп, мінбеге жазушы Төлен Әбдік шығып: «Одақта жалғыз құрметті төраға бар. Ол – Олжас Сүлейменов. Ал қазіргі ұсынылып отырған төрағаның лауазымы, оның қолында болатын билік басқа. Сондықтан мен мұндай құрметті төрағалыққа қарсымын!» деді. Алайда, Ғалым Жайлыбай «Көпшілік дауыспен Құрметті төрағалыққа Н.Оразалин өтті» деп еді, тағы шу басталды. Мінбеге жазушы Дулат Исабеков шығып, құрметті төрағалыққа қарсы екенін айтты. Ақыры, құрметті төраға мәселесі дүдәмал күйде қалды.

Құрылтайды жүргізу әрі қарай жазушы Әлібек Асқаровқа беріліп, ол жиналыстың екінші кезеңін бастады.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.