Көкшетауда тағы да төбелескіш шенеуніктердің әрекеті әшкере болды. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы басшысының міндетін атқарушы Динара АЛТАЕВА қарамағындағы қызметкерді соққыға жықты деген күдікпен сотқа тартылды, деп хабарлай zhasalash.kz-тің Ақмола облысындағы тілшісі. Жәбірленушінің айтуынша, Алтаеваның мұндай әрекеті бірнеше рет қайталанған. Бассыздық жұмыс уақытында, жұмыс кабинетінде болған.

Динара Алтаева
Динара Алтаева

2018 жылы 1-наурызда Көкшетау қаласындағы мамандандырылған әкімшілік соты Динара Алтаеваға (суретте) қатысты үкімін шығарды. Тексеру комиссиясы басшысының міндетін атқарушы 2017 жылы 22-ақпанда қарамағындағы адамды ұрған.

Шенеунік қарамағындағы қызметкерін cабаған

Жәбірленуші 2011 жылы бұл мекемеге қызметке келген. Байқау бойынша лайықты қызметке өткен. Алайда, сол кездегі басшы Мереке МҰСТАФИН оны резервке қалдырған. Мұндай, келеңсіздікті шыдамаған жәбірленуші сол кездегі облыс әкімі Қайрат ҚОЖАМЖАРОВҚА барған. Әкімнің араласуымен шағымданушы аталған  мекемеге қызметке орналасады. Алайда, оның бұл қызметке келуі мұндағы басшылық құрамға ұнай қоймайды. Сол кезден бастап  Алтаева жаңадан келген маманның ізіне түседі. Жұмыстан шығару үшін кем-кетігін іздеп, жөн-жосықсыз тиісе бастайды. Ақыры қол жұмсауға дейін барған. Ұлттық бюрода Алтаеваның іс-әрекеті тоғыз рет қаралған екен. Алайда, тоғызында да ол кінәсіз деп танылған. Соңғы соққыдан кейін қызметкер оны сотқа береді. Ақмола облысы Көкшетау қаласының  мамандандырылған сотының  шешімімен Алтаева кінәлі деп танылды.

Шенеунік қарамағындағы қызметкерін cабаған
Бауыржан Әлжанов

-Алтаева жәбірленушіге жеңіл жарақат салғаны үшін  кінәлі деп танылды. Оған  25253 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеу және 8151 теңге көлемінде медициналық сараптамаға кеткен шығынды өтеу міндеттелді,- дейді  Көкшетау қаласының мамандандырылыған әкімшілік сотының төрағасы Бауыржан ӘЛЖАНОВ.

Алайда, өз қарамағындағы қызмектерге қол көтерген Динара Алтаева  лауызымынан босатылған жоқ.

Ерболат Асылбеков, Ақмола облысы

Фотосуреттерді түсірген автор

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.