Төрт күнннен бері Қарағандыдағы Иван Костенко шахтасындағы өрт өшпей жатыр. Мамандардың мәліметінше 590 метр  жер астындағы көмір жалынға оранған. Барлық жұмыскерлер жер астынан шығарылып, кен орнының жұмысы мүлдеп тоқтатылған. Қауіпсіздік ретінде әр  учаскесіндегі метан газының мөлшерлік деңгейі тексеріліп отырған көрнеді.

-Қауіп болғандықтан, шахтаға жұмысшылардың түсуіне тиым салдық. Қазір қоладан келген шараларды жасап жатырмыз. Әсіресе метанның деңгейі алаңдатады. Себебі, оның жарылып кетпейтініне біз еш кепілдік бермейміз. Жарылыстың болуы мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармаймыз.Қолдан келген инженерлік жұмыстарды жасап жатырмыз,- деді Геннадий СИЛИНСКИЙ Әскери апатты құтқару қызметінің Қарағанды филиалының жетекшісі.

Қарағандыдағы  «Костенко» шахтасы өртеніп жатыр

 

Иван Костенко атындағы шахта – көмір өндіретін ең ірі жерілікті кәсіпорындардың бірі. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы баспасөз қызметі өрт себептерін анықтау үшін комиссия құрылатыны туралы хабарлады. Сонымен қатар, болжам бойынша, жалынның шығуы табиғи құбылыс болуы мүмкін. Қазір таңда кеншілердің жартысы басқа шахталарда еңбек етіп жүр. Ал, қалғандары өртті сөндіру  жұмысына жұмылдырылған. Өрттің қанша уақытта толық сөнетінін ешкім тіс жарып айтпайды. Бір айға дейін созылу мүмкін. Жағдай АМТ компания басшысынан өзге,  Қарағанды облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ назарында.

Айман Сағатай, Қарағанды

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.