Тәжікстанда мемлекеттік «Тәжікфильм» киностудиясын отандық және шетел фильмдеріндегі барлық эротикалық және интим көріністерін ел аумағында көрсетпей тұрып кесіп тастауға міндеттемек.

Киностудиядағы дереккөздің Азаттықтың Тәжік редакциясына хабарлауынша, үкімет ұсынған «Тәжікфильмнің» үкімет мақұлдаған жаңа жарғысында «фильмдерде өнегелілікті сақтау туралы» арнайы пункт бар. Құжатқа сәйкес, енді «Тәжікфильм» фильм шығарып қана қоймай, басқа да фильмдердегі ашық көріністерді алып тастап отырады.

Киноның талапқа сай екенін бағалайтын арнайы алқа құрылады. Оған түрлі сала өкілдері кіреді. Фильмдердің моральдық талаптарға қаншалықты сай екені тексеріледі.

Таяуда отандық және шетел фильмдері Тәжікстан аумағында осы алқа мүшелерінің мақұлдауынан соң ғана көрсетіледі.

Кеңес беру алқасы авторлық құқықтың сақталуын да қадағалап отырады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.