Пхенчханда өтіп жатқан қысқы паралимпиадада қазақстандық Александр Колядин 1,5 шақырымдық шаңғы жарысында (классикалық әдіc) алтын алды. Күмісті жапониялық Йошихира Нитта, қоланы канадалық Марк Арендс иеленді. 

Бұл — Қазақстанның қысқы паралимпиадад алған алғашқы алтыны. 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен паралимпиадада қазақстандық Любовь Воробьева шаңғы жарысында қола алған. Одан кейінгі паралимпиадада Қазақстан спортшылары медаль иеленген жоқ. 

Қазір Қазақстан Пхенчхан паралимиадасында жалпы есепте бір алтынмен 13-орында тұр. Жарыс 18 ақпанда аяқталады. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.