Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылы қаңтар-ақпан аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 174,9 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,5 пайызға аз, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл мерзімде жұмыстардың басым бөлігі инженерлік құрылғыларды орнату бойынша атқарылды, яғни бұл бағытқа 29,2 млрд теңге жұмсалды. Тұрғын үй құрылысына 23,2 млрд, өнеркәсіп ғимараттарына 22,8 млрд теңге, байланыс және коммуникация саласына 20,7 млрд және тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсібіне 20,3 млрд теңге жұмсалған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 10,1 пайызға азайып, 153,6 млрд теңгені құрады. Күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарының көлемі алдындағы жылмен салыстырғанда 70 пайызға артты.

Қаңтар-ақпан айлары аралығында 5840 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, соның ішінде 5489 тұрғын үй мен 351 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар бар. Нақтырақ айтқанда, 2 жалпыға білім беру мекемесі мен 12 мектепке дейінгі білім беру нысаны салынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Жыл басынан бері құрылысқа 174,9 млрд теңге жұмсалды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.