Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры Royal Dutch Shell Plc компаниясына 2019 жылы IPO-ға дайындалып отырған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының (ҚМГ) миноритарлық акциясын сатып алуды ұсынды, деп хабарлайды Reuters.

Агенттіктің хабарлауынша, 20 пайыз ұсынылған.

«Келіссөздер жүргізіліп жатыр (…) Мүмкін, Ұлттық банктың үлесі сатылатын шығар», – деп мәлімдеді бір дереккөз.

Басқа дереккөздің айтуынша, мәміле IPO алдында компанияның құндылығын арттыруы мүмкін.

«Бұл жерде ҚазМұнайГаздың шамамен 10 пайызы сөз болып отыр. Олар стратегиялық серіктес ретінде кіре алады деген ойдамыз», – деді ол.

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, компания түрлі жобалар бойынша көптеген халықаралық мұнай компанияларымен ынтымақтасып жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Алайда, бұл жайында компания нақтырақ түсінік бере алмайды.

Еске сала кетейік, ҚазМұнайГаздың акционерлері – «Самұрық-Қазына» 90 пайызға, Ұлттық банк 10 пайызына ие.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Shell компаниясына ҚазМұнайГаздың 20 пайыз үлесін алу ұсынылды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.