Он бірінші наурыз күні Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында төтенше жағдай орнаған болатын. Қардың еруінен  189 үйді топан су алып, 8-і құлап қалған. Облас басшысы Даниял АХМЕТОВ зардап шеккен бұқараға «Парыз»қорынан 50 млн теңге аударылғанын хабарлаған еді. Қазақстан халықнан жылу жинап жатқан «Аягөз-Болашақ» қорының есеп шотына  Даниял Кенжетайұлы бір айлық еңбекақысында аударғанын жария етті.

Облыс басшысы өз еңбекақысын қиналған жұртқа беріп жатқанда ұлы Талғат АХМЕТОВ жәрдем көрсете ме?

2017 жылы forbes.kz журналы жариялаған бай елу кәсіпкердің тізіміне 32-жастағы Талғат Даниялұлы Ахметов кірген еді. Нақтырақ айтқанда рейтингтің отыз бесінші орнынан табылған болатын. Оның дәулеті 145 млн долларды құраған. Әзірге облыс басшысының миллионер баласы көмекке мұқтаж халыққа қандайда бір көмек көрсетті деген ақпаратты көзіміз шалмады. Есесіне қарапайым мұғалімдер, ел ішінен шыққан бастамашыл топ жәрдемдесіп жатыр. kaz.altaynews.kz сайтының хабарлауынша, Семей Мемлекеттік медициналық университетінің ұжымы бір күндік жалақыларын аягөздіктерге аудару туралы шешім қабылдаған. Қостанайлық alau.kz сайты қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінде арнайы штаб құрылып, облыс халқының гуманитарлық көмек жинап жатқандарын жазады.

Аягөздіктерге Даниял Ахметовтың миллионер ұлы көмектесе ме?

Талғат Ахметовтың үйлері үйіндіге айналған Аягөз халқына көмектесуге ықласты болса қолынан бір шама дүние келеріне сенеміз. Себебі Даниял Кенжетайұлының баласына электрэнергиясын, су, азық-түлік сататын және баспана құрлысымен  айналысатын «Eco Energy», «Аманат», «Ертiс сервис трейд», «Ақ сұңқар НТ» компаниялар қарайды. Әкесі екі рет әкім болған Павлодар облысында да кәсібі бар. Атам айтсақ:  «Павлодарсоль» ЖШС, «Павлодар — Сода» ЖШС, және Smart kid балалар мекемесі мен  Cinema Star кинотеатрының қожайыны.

Қанат Тілеухан

Фотолар: dalanews.kz, alau.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.