Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров Орталық Азиядағы неміс экономикасының және Қазақстандағы неміс экономикасы одағының қазіргі төрағасы Йорг Хетч мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Йорг Хетч, болашақ кеңсе басшысы Роберт Брайтнерді Е. Хаировпен таныстырды, сондай-ақ қазақстан-герман ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

Кездесу соңында Ерлан Хаиров жемісті еңбегі үшін Йорг Хетчке алғысын білдіріп, екі елдің дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

Анықтама:

2005 жылдан бастап 2017 жылдың 9 ай аралығында:

Германиядан Қазақстанның экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 4,2 млрд АҚШ долларын құрады;

Қазақстаннан Германия экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 233,1 млн АҚШ долларды құрады.

2018 жылы 1 наурызындағы есеп байынша, Қазақстанда Германияның қатысуымен шамамен 1 000-ға жуық заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Қазақстан-Герман ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.